preloader

Жаңалықтар

«Мектепке жол» акциясы Талғар ауданында жалғасын тапты

«Мектепке жол» акциясы Талғар ауданында жалғасын тапты

Алматы облысына қарасты Талғар қаласындағы «Биеке батыр» мешітінде жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шарасына «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы және Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы қатысып, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан 90 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған мектеп сөмкелерін табыс етті.