«МЕН ПАЙҒАМБАРЫМДЫ ТАНИМЫН» «АДМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТӘЖІ» КІТАБЫ БОЙЫНША САЙЫС ӨТТІ
Алматы облысы, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің ұйымдастыруымен «Мен пайғамбарымды танимын» «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы бойынша әйел жамағаты арасында сайыс өтті.
Сайысқа 400-ден астам шәкірт қатысты 1) 18-35 жас аралығы; 2) 36-55 жас; 3) 55- жастан жоғары. Іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталып, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы пайғамбардың (с.ғ.с) өмірін білуі маңыздылығы жайында насихат айтып, сәттілік тіледі. Іле ауданы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты маманы Аринова Мариям ұстаз қатысушыларға өз сөзін сөйлеп, сайыстың шарттарын түсіндірді. Сайыс тест-сұрақтар арқылы өтті.
Жарыс нәтижесі бойынша:
18-35 жас аралығы Түркістан облысынан – Әсел Тұрарқызы;
36-55 жас – Алматы облысынан Айым Абылайқызы;
55- жастан жоғары – Қызылорда қаласынан Күләй Қалуқызы жеңімпаздар болып атанып, Ұмра кіші қажылығының сертификатына ие болды.
Шара соңында келген қонақтарға арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.