«МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН» АТТЫ ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ ТАНЫМДЫ ШАРАСЫ ӨТТІ
Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық округінде орналасқан №31 Әль – Фараби атындағы орта мектепте «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» атты әкелер мектебінің танымды шарасы өтті.
Шарада отбасы құндылығы, әке тәрбиесі сөз болып, оқушы жастар, ата – аналар, ұстаздар белсене қатысты. Аталмыш шарада Тұздыбастау ауылдық мешітінің имамы Нұржан Пірәліұлы қатысушыларға ата – ана алдындағы перзент міндеті, отбасындағы әкенің орны туралы насихат айтып, сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, шараны пайдалана отырып имам Нұржан Пірәліұлы биылғы 2025 жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен «Ислам және отбасы құндылығы » жылы болып бекітілгенін атап өтті. Осы жыл аясында аталмыш бағытта түрлі форматта шаралар ұйымдастырылып, отбасы құндылығы кеңінен насихатталатынын жеткізді.