preloader

Жаңалықтар

«30 күнде 30 баспана»: Мешіт имамына қызметтік үй берілді

«30 күнде 30 баспана»: Мешіт имамына қызметтік үй берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясының жетінші баспанасы Алматы облысы Іле ауданы Жаңадәуір ауылында табысталды.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі бастаманың кезекті шарасында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы республика бойынша 727-ші үйдің кілтін Іле ауданы Жаңадәуір ауылдық «Айтақын ата» мешітінің имамы, көпбалалы әке Машрап Әбілдаұлына қызметтік пәтер ретінде табыс етті.

Дін қызметкерлері де, баспаналы болған отбасы да мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асуына атсалысып, қолдау көрсеткен құлшылық үйінің жамағатына алғысын білдірді.

Айта кетейік, берекелі айдағы «30 күнде 30 баспана» акциясы «Ел үлесі –  пәтерге» республикалық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде өткізілуде.