preloader

Жаңалықтар

Мешіт жамағатына арналған пәтуа сағаты өтті

Мешіт жамағатына арналған пәтуа сағаты өтті

Алматы облыстық «Қапшағай» мешіті наиб имамы Бауыржан Омарұлы Талғар ауданындағы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешіті жамағатына арналған пәтуа сағатын өткізді.

Тағылымды кездесуде жамағат тарапынан қойылған діни сұрақтарға шариғат шеңберінде нақты жауаптар берілді. Әсіресе, құлшылық амалдары, оразаға қатысты үкімдер, күнделікті өмірдегі діни мәселелер кеңінен түсіндірілді.

Пәтуа сағаты барысында жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және дұрыс діни бағытты ұстанудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу соңында жамағат көкейіндегі сұрақтарын қойып, пайдалы рухани мәліметтер алды.