preloader

Жаңалықтар

«МҮФТИЯТ» БАСПАСЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ «ҚАПШАҒАЙ» МЕШІТІНІҢ КІТАП ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

«МҮФТИЯТ» БАСПАСЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ «ҚАПШАҒАЙ» МЕШІТІНІҢ КІТАП ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің кітап сөресі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мүфтият» баспасынан жарық көрген діни-ағартушылық кітаптармен толықты.

Жамағаттың діни сауатын арттыру, сенімді діни әдебиеттерді қолжетімді ету және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында мешіт кітапханасына ақида, фиқһ, ғибадат, отбасы құндылықтары, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өнегелі өмірі, Ислам тарихы мен мұсылман әдебіне арналған бірқатар еңбектер қойылды.

Атап айтқанда, кітап сөресі «Бабалар ізімен», «Сопылық сыры», «Ислам ғибадаты», «Иман негіздері», «Хазіреті Әбу Бәкір Сыддық», «Отбасылық сұрақ-жауаптар»,  «Ғибадат тұтқасы: Мұхтасар әл-Қудури», «Ислам дағуатының негіздері мен әдістері», «Исламдағы сауда-саттық», «Құран інжулері» сынды діни-танымдық еңбектермен толықты.