preloader

Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі балаларға «Рамазан тәттісі» таратылды

Мүмкіндігі шектеулі балаларға «Рамазан тәттісі» таратылды

ҚМДБ-ның Алматы облысы өкілдігі «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне «Рамазан тәттісін» таратты.

Игі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы, Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы және дін қызметкерлері қатысып, мекеме ұжымына және тәрбиеленушілеріне арнайын сыйлықтарды табыс етті.