preloader

Жаңалықтар

Наиб мүфти «Қарасай батыр» мешітінде жұма уағызын айтты

Наиб мүфти «Қарасай батыр» мешітінде жұма уағызын айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы облысына барған сапарында Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы «Қарасай батыр» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Иман шарттары» тақырыбында жұма уағызын айтқан Кенжеәлі Қоңыратбайұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа иман негіздері туралы тұщымды мағлұмат беріп, ықыласпен құлшылық жасап, көркем мінез-құлық иесі болуға ұмтылуға үндеді.

Жұма намазынан кейін наиб мүфти көпшілікпен бірге ел амандығы мен игілігі үшін дұға жасады.