preloader

Жаңалықтар

Наиб мүфти «Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұстаздарымен кездесті

Наиб мүфти «Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұстаздарымен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы облысына барған сапарында «Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұстаздарымен кездесу өткізді.

Кездесу аясында наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы ұстаздық қызметтегі әдеп негіздері мен тәрбиенің маңыздылығы туралы айтып, бітіруші түлектердің жұмысқа баулуға қатысты нақты тапсырмалар берді.