preloader

Жаңалықтар

Наиб мүфти «Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірттеріне дәріс оқыды

Наиб мүфти «Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірттеріне дәріс оқыды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы облысына барған сапарында «Үшқоңыр» медресе-колледжінде болды.

Жұмыс сапары барысында наиб мүфти «Үшқоңыр» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысып, шәкірттермен арнайы кездесіп, оларға дәріс оқыды.

Дәріс соңында Кенжеәлі Қоңыратбайұлы шәкірттер үшін дұға жасап, білім жолындағы қадамдарына игі тілегін жеткізді.