preloader

Жаңалықтар

Наурызбай қажы Тағанұлы Берік Арынмен жүздесті

Наурызбай қажы Тағанұлы Берік Арынмен жүздесті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған Берік Арынмен жүздесті.

Кездесуде Бас мүфти Сауд Арабияда Елші қызметін абыроймен атқарған Берік Сақбайұлына Діни басқарманың қажылық және басқа да діни жұмыстарына қолдау көрсеткеніне алғысын жеткізді. Сондай-ақ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымның жаңа бас директоры болып сайлануымен құттықтады. Жоғары қызметті абыроймен атқаруына ниеттестігін жеткізді.

Берік Сақбайұлы ризашылығын білдіріп, ұйым аясында да бірігіп жаңа жобалар атқаруға дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында Бас мүфти бұрынғы Елшіге қазақы дәстүрге сай сый-сияпат көрсетті.