preloader

Жаңалықтар

Наурызбай қажы Тағанұлы: Сабырлық – адамға сенім мен күш беретін қасиет

Наурызбай қажы Тағанұлы: Сабырлық – адамға сенім мен күш беретін қасиет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысы Қостанай ауданында тасқын судан зардап шеккен тұрғындармен кездесуінде осылай деді.

«Ешбір пенде, тіпті пайғамбарлар да өзін қасырет пен қиыншылықтардан сақтандыра алмайды. Себебі сынақтарды беретін де, одан сақтайтын да жалғыз Алла! Бұл жайлы Құранда «Тағабун» сүресінің 11-аятында: «Басқа келген әр жамандық Алланың рұқсатымен ғана болады…» делінген.

Сабырлық адамға сенім ұялататын, болашаққа үмітпен қарауға, пендеге қажыр мен қайрат беретін ең бір ізгі қасиет болғандықтан, әр кез басқа түскен қиыншылыққа сабырлық танытуға ұмтылайық. Бұл қиыншылықтарға да мойымай, ел басына туған сынақты бірге еңсеретінімізге сенеміз. Алла Тағала қауіптің бетін қайтарып, халқымызға қалыпты өмір нәсіп еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, «Зекет және қайырымдылық» қоры су тасқынынан зардап шеккен 300 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себетін үлестірді. Сонымен қатар мүфтият атынан ыстық тамақ берілді.