preloader

Жаңалықтар

«Неке бақыты» атты семинар өтті

«Неке бақыты» атты семинар өтті

Алматы облысы өкілдігінің бастамасымен Қаскелен қаласында мешіттерде некесін қидырған отбасылардың қатысуымен «Неке бақыты» тақырыбы аясында семинар ұйымдастырылды.

«Ізгі қоғам» бағыты бойынша жүзеге асқан шараның алғы сөзін Алматы облысының бірінші наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы алып, «Неке бақыты»  тақырыбында уағыз айтты.

Өз кезегінде Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы да тақырып аясында баяндама жасады.

Семинарға қатысушылар тақырыпты талқылауға белсене қатысып, дәріскерлерге сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды.