Балқаш ауданы: Өрт сөндіру бөлімінде кездесу өтті
Алматы облысы Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінің наиб имамы Қатбашев Нұрхан жергілікті №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.
Қатбашев Нұрхан өз сөзінде Отанды сүю – әрбір азаматтың міндеті екенін айтып өтіп, қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.
Ал мекеме қызметкерлері имамға өздерін қызықтыратын және мазалайтын сауалдарды қойып, жауап ала алды.