preloader

Жаңалықтар

Өрт сөндірушілермен кездесу өтті

Өрт сөндірушілермен кездесу өтті

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы Қонаев қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жүзеге асқан кездесу барысында Ринат Маратұлы дәстүрлі ислам жөнінде жалпы түсінік беріп, жат ағымдардың кесірінен біз өмір сүріп жатқан әлемде түсініспеушіліктер туындап жатқанына тоқталып, діни тұрғыдан сауатты болудың маңыздылығы туралы айтып өтті.