ОРАЗА УАҚЫТЫНДА АДАЛ АСҚА МӘН БЕРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков Еңбекшіқазақ ауданы имамдарына «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізді.
Жиын барысында имамдарға халал индустриясының маңыздылығына тоқталып, шариғат талаптарына сай өнім өндіру мен тұтынудың ерекшеліктерін түсіндірді. Ораза уақытында ауыз ашар беру кезіндегі адал асқа мән беру керектігін айтты. Ет өнімдерінің шариғатқа сай болуы үшін малдың дұрыс сойылуы, доңыз өнімдері мен басқа да тыйым салынған ингредиенттердің болмауы маңызды екені түсіндірілді. Семинарға қатысқан имамдар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, халал өнімдерге қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.