preloader

Жаңалықтар

Орыс қызы Исламды қабылдады

Орыс қызы Исламды қабылдады

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, соған дінді кеңінен, терең түсінуді нәсіп етеді» деп айтқан. Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы «Көжекбай ата» мешітінде ерекше оқиға орын алып, орыс қызы Ислам дінін қабылдады.

Ислам – Жаратушы Алла тарапынан жіберілген ақырғы дін. Иләһи дінімізге бет бұрып жатқан адамдар саны күн санап артып келе жатқаны ақиқат. Қаскелең қаласындағы «Көжекбай ата» мешітіне келген Оксана есімді орыс қызы солардың бірі.

«Көжекбай ата» мешітінің бас имамы Нәлібаев Дінмұхамед Оксанаға дініміздің негіздерін түсіндіріп, кәлима айтқызып, батасын берді.

Ораза айында Алматы облысы Әйел-қыздар секторының жетекшісі, «Көжекбай ата» мешітінің ұстазы Назерке Әкішқызы шәкірттеріне «Рамазанның берекелі таңы» атты дәрістер өткен болатын.

Алланың қалауымен Оксананың мешітке келуі жамағаттың Мүлік сүресі мен имам Науауи жинақтаған 40 хадисті жаттап, сертификат алуына арналған рухани кешпен тұспа — тұс келді.

Оксана берекелі кештің куәгері болып, өз шешімінің дұрыс екендігін қайта- қайта айтып, мешіт жамағатының ынтымақ, бірлігіне тәнті болып қайтты.