Пайғамбардың өнегесі – мәңгілік тәрбие мектебі
Қонаев қаласы орталық мешітінде ұстаздар Ахмадиева Гүлмира мен Хумарбек Айнұрдың ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына арналып, Мәуліт мерекесіне арналған «Пайғамбардың өнегесі – мәңгілік тәрбие мектебі» атты рухани шара өтті.
Іс-шараны Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы ашып, жиналған жамағатқа ізгі тілегін жеткізді. Өз сөзінде ол Пайғамбарымыз Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі жайында насихат айтып, жастарды имандылық пен ізгілікке шақырды.
Одан кейін шақырылған ұстаздар тақырыпты кеңінен тарқатып, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) адамзатқа қалдырған тағылымы мен өнегесінің мән-маңызына тоқталды.
Шара барысында екі аптаға созылған салауат айту жарысының қорытындысы жарияланды. Жүлдегерлер қатарында:
-
1-орын – Гүлсім Ермековна
-
2-орын – Гүлбану Аблакимова
-
3-орын – Айгерім Мұхамметмаулетқызы
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталып, қатысушыларға кітаптар үлестірілді. Сондай-ақ, жамағатқа гүл шоқтары таратылып, мерекелік қуаныш еселенді.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Алматы облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы, Нұр-Мүбарак университетінің магистрі Ғажап Жайнағүл, Жамбыл ауданы әйел-қыздар секторының жетекшісі Омарбекова Роза және Қарасай ауданы секторының жетекшісі Насырхан Бұлбұл қатысты. Қонақтар жамағатқа тағылымды насихат айтып, Мәуліт мерекесінің рухани маңызына тоқталды.
Мәуліт мерекесі имандылық пен бірлікті дәріптеген тағылымды басқосу ретінде жамағат жүрегінен ерекше орын алды.



