«Пайғамбарымызды ﷺ терең таны» сайысы өтті
Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасымен «Пайғамбарымызды ﷺ терең таны» атты республикалық деңгейде білім сайысы өтті.
Имам әт-Тирмизидің «Шәмәйл Мухаммадия» кітабы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен 2000-ға жуық азамат қатысқан іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 7 қатысушы ақтық сында өзара мықтыны анықтады.
Білім сайысына Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің ұстазы Бағылан Болатбекұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушылары Нұржан Смағұл және Елдесбай Аманат төрелік етті.
Нәтижесінде, І орынды Жасұлан Ғалымжанұлы иеленсе, ІІ орын Мұратқали Шалқарұлына бұйырып, ал ІІІ орынды Рамазан Еркебұланұлы қанағат тұтты. Жүлделі орын иегерлеріне ақшалай сертификаттар табыс етілді.