preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында балаларға арналған айттық мереке өтті

Алатау қаласында балаларға арналған айттық мереке өтті

Алатау қалалық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «Құрбан айт – ұлық мереке» атты балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында балалар асық ату, қол күресі және білім сайыстарына қатысып, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиені насихаттайтын әсерлі кештің куәсі болды. Іс-шараны Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы ашып, жас буынға ақ батасы мен ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, Әйел-қыздар секторының жауапты маманы Бақытнұр Төлеуқызы түрлі сайыстар ұйымдастырып, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты. Мерекелік кештің өтуіне Алатау қаласы Жастар ресурстық орталығы да қолдау көрсетті. Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.