preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында әйел жамағаттарына арналған «Әйел және отбасы» атты рухани-танымдық семинар ұйымдастырылды

Алатау қаласында әйел жамағаттарына арналған «Әйел және отбасы» атты рухани-танымдық семинар ұйымдастырылды

Алатау қаласында әйел жамағаттарына арналған «Әйел және отбасы» атты рухани-танымдық семинар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара Алатау қаласы Отбасын қолдау орталығы КММ-де өтіп, әйелдердің қоғамдағы және отбасындағы рөлі, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбие мәселелері кеңінен сөз болды.
Семинар барысында Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы сөз сөйлеп, отбасы бірлігі, ананың тәрбиедегі орны және исламдағы әйел мәртебесі жайында насихат айтты.
Сонымен қатар, Алатау қаласы Ынтымақ шағын ауданындағы мешіттің ұстазы Гүлжанат Акишевна рухани тәрбие мен отбасы құндылықтары төңірегінде тағылымды ойларымен бөлісті.
Шараға қатысқан Алатау қаласы Қоғамдық кеңесінің төрайымы Риза Санаққызы да сөз сөйлеп, отбасы институтын нығайту мен қоғамдағы әйелдердің белсенділігінің маңыздылығына тоқталды.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, рухани бағыттағы мұндай кездесулердің берері мол екенін атап өтті.