preloader

Жаңалықтар

«Перзент» балалар үйінде ауызашар берілді

«Перзент» балалар үйінде ауызашар берілді

Алматы облысы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Перзент» балалар үйінде ауызашар дастарқаны жайылды. 

Бірде ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оң қолының сұқ саусағы мен ортан бармағын қосып: «Жетімдерге қамқоршы болған адамдармен мен жәннатта мына екі саусағымдай бірге боламын», – деп өсиет еткен.

Адамзаттың мырзасының (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы және өзге хадистерін басшылыққа алған Әйел — қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы және «Ақниса» қыз- келіншектер рухани даму орталығы «Перзент» балалар үйінде ауызашар дастарқанын жайды. 

Назерке Әкішқызы балалар үйінің ұжымын және тәрбиеленушілерін Рамазан айымен құттықтап, сыйлықтар үлестірді. Сондай-ақ, мекеме жетекшісі Әмина қажы Әжібаева апамызға шапан жауып, ақ орамал тақты.