Президент кеңесшісі Балқаш ауданында
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Алматы облысына қарасты Балқаш ауданында болды.
Іс-сапар барысында Мәлік Нұржанұлы Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы бастаған жергілікті дін қызметкерлерімен кездесіп, 2024 жылы 15 наурыздағы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – атты үшінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау бойынша түрлі діндер мен конфессияларды жақындастыруды, қоғам белсенділерін, жастарды тарта отырып, қазіргі заманғы өзекті мәселелерге қатысты диалог орнату мақсатында әңгіме жүргізді.