preloader

Жаңалықтар

«Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Алматы облысының дін қызметкерлерімен кездесті

«Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Алматы облысының дін қызметкерлерімен кездесті

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысына арналған кездесу ұйымдастырылды.

Жиынға ҚМДБ жанындағы «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының облысымыздағы филиалының директоры Аликен Жұмағалиұлы, Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы және жергілікті дін қызметкерлері қатысты.

Мейрамбек Қабылбекұлы «Qamqor-Sharapat» орталығының қызметі жайлы толық мәлімет берсе, Аликен Жұмағалиұлы орталықтың өңіріміздегі филиалының осыған дейін атқарған жұмыстары жайлы айтып берді.

Бұдан бөлек, аталмыш жиында жаназа, жерлеу рәсімдері мен ас беру мәдениетін бірізділікке салу мәселелері көтерілді.