preloader

Жаңалықтар

«ҚАПШАҒАЙ» МЕШІТІНДЕ ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛДЫ

«ҚАПШАҒАЙ» МЕШІТІНДЕ ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛДЫ

ҚМДБ Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы 16-желтоқсан күні бесін намазына жиналған жамағатпен бірге желтоқсан құрбандарына арнап құран хатым дұғасын жасады.

Мешіт имамдары мен «Қапшағай» мешітінің жамағаты қатысқан дұға оқу сәтінде бас имам Мадияр Тағайбайұлы: «Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздік күнінің қадыр-қасиетін білуінің маңыздылығы зор, келешек ұрпақтан Раббысына шүкір етуі, елім-жерім деп өткен бабаларымызға арнап арнайы Құран хатым оқып дұға жасап тұру өскелең парыз амалдарынан екенін жеткізу маңызды. Тәуелсіздік жаңа егеменді Қазақстанның құрылғанын, қазақ халқының ғасырлар бойғы асыл арманының – өз тағдыры мен тарихын дербес анықтауға қол жеткізгенін айшықтайды. Бұл елді біріктіретін, Ұлттық Рухымызды асқақтататын, Тәуелсіз Отанымыздың өз дәстүрі мен ислам руханиятының кең қанат жайған дәуірі болды. Ана тілі, салт-дәстүрі мен мәдениеті сынды баға жетпес құндылықтары арқылы тәуелсіздіктің шоқтығы қашан да биік тұрады. Біздің еліміз де өз егемендігін алу жолында сансыз қиын кездерді еңсерді. Аллаға шүкір, бүгінгі Тәуелсіздік еліміз – халқымыз үшін үлкен бақыт. Барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып қазақ жеріне бірлік, бейбітшілік және ырыс тілеймін. Ұлы мереке бізге әрқашан Отанымыздың ізгілігі, келешек ұрпақтың бақытты өмірі жолындағы жарқын жетістіктерге бастайтын қайсар күш-қуат, берік сенім сыйласын!», – деп атап өтті.
Бесін намазынан соң дін қызметкерлері жамағатпен бірге дұға жасады.