preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: «Әйел және отбасы» тақырыбында семинар өтті

Қарасай ауданы: «Әйел және отбасы» тақырыбында семинар өтті

Алматы облысының Әйел-қыздар секторының жетекшілігімен Қарасай ауданы «Көжекбай ата» мешітінде «Әйел және отбасы» тақырыбында семинар өтті.

Мешіт ұстазы Сариев Сәуленің ұйымдастыруымен өткен танымдық шараның мақсаты әйел жамағатына отбасылық құндылықтар мен әйелдің отбасындағы орнын ашып беру болды.

«Көжекбай ата» мешітінің бас имамы Нәлібаев Дінмұхамед семинарды Құран аяттарымен ашқаннан кейін, Қабылбек Әліпбайұлы ұстаздың анасы Мүнәйім Арынқызы отбасылық құндылықтар туралы айтып, соның ішінде бала тәрбиесіне тоқталып кетті.

Өз кезегінде Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы отбасындағы жұбайлар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты кеңестер берді.

Көпшілікке сұрақтар қойылып, ұтымды жауап берген шәкірттерге сыйлықтар табыс етілді. Осыдан кейін жамағатқа арнайы дастарқан жайылды.