ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: БАЛА БАРЫС ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ
ИСЛАМ және ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ жылы аясында Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылындағы ҚАРҚАРАЛЫ СПОРТ КЕШЕНІНДЕ Сүннетке, ұлттық дәстүрімізге сай қазақ күресінен БАЛА БАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.
Салтанатты ашылу шарасында Қарасай аудандық Түркістан-1 мешітінің найб имамы Нұрбол Дәркенбайұлы сөз сөйлеп жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Еліміздің әр аймағынан келген 300 ге жуық жас спортшылар өз бақтарын сынады, жүлделі болған спортшыларға медальдармен алғыс хаттар табысталды.



