preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: «Батамен ел көгерер» байқауы өтті

Қарасай ауданы: «Батамен ел көгерер» байқауы өтті

Алматы облысы Қарасай ауданында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Батамен ел көгерер» байқауы ұйымдастырылды.

Бата беру дәстүрін дәріптеу, кейінгі ұрпақты үлкенді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында жүзеге асқан шараға жергілікті ақсақалдар қатысып, сүндет той батасы, тұсаукесер батасы, шілдехана батасы және т.б. бата түрлерін айтып, өзара жарысқа түсті.

Байқау нәтижесі бойынша І орын Әділханов Шайзанда, ІІ орын Тәжімұрат Пазыл, ІІІ орын Көшкінбаев Қалиахмет есімді ақсақалдарға бұйырды.

Алғыс айту күніне орай, шара соңында қарияларға арнайы дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.