preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: МЕШІТ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: МЕШІТ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

Қарасай ауданында мешіт имамдарына арналған «Ихсан және насихат» бағыты бойынша семинар өтті. Семинарды ауданның наиб имамы Марат Әмірұлы жүргізіп, уағыз айтудың әдебі мен мәдениетін талқылады. Ол имамдарға уағыздың терең әсерін, тыңдаушының жүрегіне жетудің маңыздылығын түсіндірді. Шара барысында имамдар тәжірибелерімен бөлісіп, діни насихаттың заманауи әдістерін қолдану қажеттігі жайында пікір алмасты. Бұл шара Қарасай ауданында уағыз айту мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.