ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: «МҮЛІК — СЕНІҢ ЕКІ ДҮНИЕДЕГІ СЕРІГІҢ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Алматы облысы Қарасай ауданы Исаев ауылдық «Ахмет Байтұрсынұлы» мешітінің ұйымдастыруымен “Шапағатшы Мүлік — сенің екі дүниедегі серігің” атты кеш өтті.
Жиын қасиетті Құран аяттарымен ашылып, облыстың “Әжелер мектебі” төрайымы Мүнәйім Арынқызының батасымен ашылды. Кештің қонағы ҚМДБ «әйел-қыздар» секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы Назерке Әкішқызы жамағатқа Құранның адам өміріндегі маңызы жайлы айтты. «Ахмет Байтұрсынұлы» мешітінің ұстазы Фарида Сағатдинқызы “Мүлік” кітабының авторы, кешке арнаулы шақырылған қонақ Алматы қаласы «Төле би» мешітінің ұстазы Гүлзат Ақурпикованы таныстырды. Кітап авторы “Мүлік” сүресінің қасиетін жеткізді. Әжелер қауымы жамағатқа қызмет етіп, дастархан ұйымдастырған мешіт имамы Қаныбек Қамытбекұлына алғысын білдірді.