ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: МҰҚТАЖ 10 ОТБАСЫҒА 100 000 ТЕҢГЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сәйкес, қасиетті айда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы, «Үшкемпірұлы Жақсылық» мешітінің ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж 10 отбасына 100 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.
Қарасай ауданы имамы Жандосұлы Дауренбек келген жамағатқы ыстық лебізін айтып, қасиетті рамазан айымен құттықтады. «Үшкемпірұлы Жақсылық» мешітінің имамы Құдайбергенұлы Шохан имамның ұйытқы болуымен қасиетті ай құрметіне «Рамазан сыйы» ретінде мешіттен көмек сұрап келген, әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасына 100 000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Тұрмыстық қажетіне жұмсап, кейбірі борышын өтеуге қаржылай көрсетілген көмек үшін дін қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
Демеушілік жасаған жомарт жандарға алғыс білдіреміз!