preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: Құран курсының кезекті дәрісі өтті

Қарасай ауданы: Құран курсының кезекті дәрісі өтті

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен Құран курсының ұстаздары  Қарасай ауданының дін қызметкерлері үшін дәріс жүргізді.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай өңіріміз бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлының ұйымдастыруымен Абдухалық қари және Құдірет қари сияқты білікті мамандар жергілікті имамдармен кездесіп, 2 айлық Құран курсының кезекті сабағын офлайн форматта өткізді.

Діни рәсімдерді атқарудағы бірізділікті қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан курс барысында имамдар тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен Құран сүрелерін жаттап, курс соңында емтихан тапсырады деп күтілуде.