preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: «Қыз тәрбиесі – аманат» атты дөңгелек үстел өтті

Қарасай ауданы: «Қыз тәрбиесі – аманат» атты дөңгелек үстел өтті

Алматы облысы Қарасай ауданында «Қыз тәрбиесі – аманат» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жергілікті Әйел-қыздар бөлімі ұйымдастырған шара барысында қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі сөз болып, бойжеткендеріміздің бойына әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, имандылық, кішіпейілділік және т.б. қасиеттерді сіңірудің маңыздылығы туралы айтылды.