preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: «Шәмәил Мұхаммадия» кітабы бойынша сайыс өтті

Қарасай ауданы: «Шәмәил Мұхаммадия» кітабы бойынша сайыс өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай Қарасай ауданының дін қызметкерлері арасында «Шәмәил Мұхаммадия» кітабы бойынша сайыс ұйымдастырылды.

Шараның басында Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлы жиналған қауымға сайыстың шарттарына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Білім жарысына имамдар тиянақты дайындықпен келгендіктен, әділ қазылар алқасы үздіктерді анықтау үшін қосымша сұрақтарды қоюға мәжбүр болды.

Байқау нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен 3 қатысушы облыстық деңгейде өтетін жарысқа жолдама алды.