preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: Ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

Қарасай ауданы: Ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Киім-кешекпен көмек» жобасы аясында Қарасай ауданында ауқымды қайырымдылық шарасы өтті.

Жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен «Мейірім мекені» қайырымдылық үйіндегі 23 отбасының балаларына қыс мезгіліне арналған сыртқы киімдер мен аяқ киімдер үлестірілді. Қайырымдылықтың жалпы сомасы — 1,5 млн теңгені құрады.

Қарасай ауданының имамдары игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!