Қарасай ауданында әйелдер арасында Құран жарысы өтті
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Түркістан-1 мешітінде әйел жамағаты арасында Құран жарысы өтті. Рухани шарада Құранның 30-шы жүзін жатқа оқу бойынша екі топ сайысқа түсіп, өзара бақ сынады. Сауапты додаға 45 қатысушы әйел жиналып, қасиетті Құран аяттарын жатқа оқуда жоғары дайындықтарын көрсетті.
Жарыс соңында мешіттің Бас имамы Дәуренбек Жандосұлы жеңімпаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, имам қатысушыларға Құран жаттауда табандылық танытып, Алла разылығы үшін амал етуді тілеп, игі дұғаларын жолдады.
Шараға арнайы қатысқан Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы да құттықтау сөз сөйлеп, жүлдегерлерді марапаттады.
Жарыстың әділ-қазы алқасында Қонаев қалалық орталық мешітінің ұстазы Ахмадиева Гүлмира және Лабақ ата мешітінің ұстазы Абай Әмина төрелік етіп, сайыс нәтижесін әділ түрде анықтады.
Жарыс жеңімпаздары
1-топ:
• 1-орын – Мейірхан Аягөз
• 2-орын – Шамова Әмина
• 3-орын – Рахманова Жанат
2-топ:
• 1-орын – Абдулла Әмина
• 2-орын – Асқарбек Нагүл
• 3-орын – Тоқтамуратова Гүлназ
Рухани бәсекеде жүлдеге ие болмаған қатысушылар да ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, Құран жаттауға деген жігерлері одан әрі арта түсті.



