preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданында ерекше балалары бар аналарға ауызашар берілді

Қарасай ауданында ерекше балалары бар аналарға ауызашар берілді

Қасиетті Рамазан айында игі істер мен қайырымдылық шаралары жалғасуда. Осы орайда Қарасай ауданына қарасты Жандосов ауылдық мешітінің жамағатының ұйымдастыруымен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған ауызашар дастарханы жайылды.

Шараның басты мақсаты – ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға құрмет көрсетіп, оларға рухани қолдау білдіру, сондай-ақ қасиетті айда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Аталған шараға Алматы облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы арнайы қатысып, жиналған аналарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Сонымен қатар аналардың сабыры мен еңбегінің сауапты іс екенін атап өтіп, оларға алғыс білдірді. Кездесу барысында қатысушыларға насихат айтылып, аналарға құрмет көрсетілді. Жиналған жамағат ерекше бала тәрбиелеп отырған аналардың еңбегі мен төзімін жоғары бағалап, отбасыларына амандық пен береке тіледі.