preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА «МҮЛІК» СҮРЕСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА «МҮЛІК» СҮРЕСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Қарасай ауданында өткен рухани тағылымға толы іс-шара – «Мүлік» сүресін жатқа оқудан ұйымдастырылған жарыс көпшіліктің жүрегіне нұр сыйлаған ерекше жиын болды. Бұл игі бастаманы Көжекбай ата мешіті мен Жандосов мешіті бірлесе ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізуге зор үлес қосты.

Іс-шараның мазмұнды әрі әсерлі өтуіне ұстаздар Назерке Әкішқызы мен Төлеубек Сандуғаштың еңбегі айрықша. Сонымен қатар, Алматы облысы Қарасай ауданының жетекшісі Дәуренбек Жандосұлы марапаттау рәсімін жүргізіп, көркем уағыз-насихат айтып, жамағатқа рухани серпіліс сыйлады.

Жарыс екі жас санаты бойынша өткізілді: 20–45 жас және 45–70 жас аралығы. Жалпы жарысқа 80 үміткер қатысып, өзара бақ сынасты.

20–45 жас аралығындағы жеңімпаздар:

  • І орын – Елнұр Нұрғожаева (Арын Қажы мешіті) – 50 000 теңге
  • ІІ орын – Оразғалиева Жарқынай (Жақсылық Үшкемпіров мешіті)
  • ІІІ орын – Тәжіханқызы Римма (Кемертоған мешіті) – 20 000 теңге

45–70 жас аралығындағы жеңімпаздар:

  • І орын – Манабаева Жеңіс (Бекболат ауылы, Несіпжан қажы мешіті, ұстазы Сандуғаш) – 50 000 теңге
  • ІІ орын – Омарова Айнұр (Арын Қажы мешіті, ұстазы Айсұлу) – 30 000 теңге
  • ІІІ орын – Асқарова Жанар (Аршынгүл ұстаздың шәкірті) – 20 000 теңге

Жарыс барысында барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Әділқазылар алқасының құрамында Қарасай ауданының жетекшісі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі Таласова Назерке ұстаз, сондай-ақ Әл-Азһар университетінің түлегі Сағымбек Балжан ұстаз және Алатау қаласының ұстазы Ақбаева Құлжанат болды.

Іс-шара соңында ақ дастархан жайылып, ұстаздар тарапынан тағылымды уағыз-насихат айтылды. Бұл жиын Құранға деген сүйіспеншілікті арттырып, жастарды ілімге жетелейтін маңызды рухани бастамалардың бірі екендігін көрсетті.