preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АУЫЛ МЕШІТТЕРІН АРАЛАДЫ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АУЫЛ МЕШІТТЕРІН АРАЛАДЫ

Алматы облысы, Қарасай ауданының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы ауыл мешіттеріне арнайы сапар жасап, діни нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында мешіттердің қазіргі жағдайы, діни қызметтің ұйымдастырылуы, жамағатпен жүргізіліп жатқан рухани-ағартушылық жұмыстар және имамдардың қызметі назарға алынды. Сонымен қатар ауыл мешіттерінің жұмысын жандандыру, діни қызметкерлер арасындағы байланысты нығайту, жамағаттың діни сауаттылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Мұндай сапарлар ауыл мешіттерінің жұмысын жүйелеуге, өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыруға және діни қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.