АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ТӨРТІНШІ ҚҰДЫҚ УАҚЫП ЕТІЛДІ
Алматы облысы, Алатау қаласы, Жаңадәуір шағын ауданындағы «Айтақын ата» мешітінің игілігіне төртінші уақып құдығы берілді.
Игі бастама Нұркелді Нұржанұлының демеушілігімен жүзеге асты. Бұл – мешіттің қажеттілігіне қызмет етіп, жамағат игілігіне арналған қайырлы іс.
Уақып – Ислам дініндегі сауапты амалдардың бірі. Халық игілігіне арналған мұндай қайырымдылық бастамаларының сауабы жалғасын табады.
Алла Тағала Нұркелді Нұржанұлының жасаған уақыбын қабыл етіп, отбасына амандық, ризық-несібесіне береке нәсіп етсін! Қайырлы ісі көпшілікке үлгі болып, сауабы еселене берсін!


