preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданының бас имамы оқушылармен кездесті

Қарасай ауданының бас имамы оқушылармен кездесті

Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы Жібек Жолы ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы мектебінің оқушыларымен кездесті.

Дәуренбек Жандосұлы білім беру мекемесінде өткен кездесу барысында «Дін мен жастар» тақырыбында насихат айтып, ойларымен бөлісті. Атап айтқанда Дәуренбек Жандосұлы жастардың рухани және діни сауатты болуы – маңызды мәселе екендігіне тоқталып, оларды дәстүрлі емес ағымдардың арбауынан сақ болуға шақырды.