ҚАРАСАЙДА АҚСАҚАЛДАРМЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Алматы облысы Қарасай ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, діни-рухани тәрбие мен дәстүр сабақтастығын нығайту мақсатында аудан ақсақалдарымен рухани-танымдық кездесу өтті.
Кездесуге Қарасай ауданының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы қатысып, дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы, үлкенге құрмет көрсету, ұрпақ тәрбиесі және қоғамдағы рухани құндылықтарды сақтау мәселелеріне тоқталды.
Жиында ақсақалдардың қоғамдағы орны, олардың кейінгі ұрпаққа берер өнегесі мен тәрбиелік ықпалы сөз болды. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, отбасы құндылықтарын нығайту және ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты сақтау бағытында ойлар ортаға салынды.
Тағылымды кездесудің негізгі мақсаты – ақсақалдардың өмірлік тәжірибесін насихаттау, дәстүрлі құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру және қоғамдағы рухани байланысты нығайту.



