preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРАН КӘРІМ ДӘРІСТЕРІ ӨТКІЗІЛУДЕ

ҚАРАСАЙДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРАН КӘРІМ ДӘРІСТЕРІ ӨТКІЗІЛУДЕ

Алматы облысы Қарасай ауданында дін қызметкерлерінің Құран Кәрім бойынша білімін тереңдету және оқу сауаттылығын жетілдіру мақсатында арнайы дәрістер басталды.
Жоспарлы түрде ұйымдастырылған дәрістердің негізгі міндеті – аудан имамдарының Құран Кәрімді дұрыс оқу дағдыларын жетілдіру, тәжуид ережелерін меңгеру деңгейін арттыру және діни білімін жүйелі түрде толықтыру.
Бұл бағыттағы жұмыстар дін қызметкерлерінің білім-білігін шыңдап, имамдық қызметтегі жауапкершілігін арттыруға әрі діни-ағартушылық жұмыстарды сапалы жүргізуге ықпал етеді.
Құран Кәрім дәрістері арнайы бекітілген жоспарға сәйкес жалғасады.