preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

ҚАРАСАЙДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Алматы облысы Қарасай ауданындағы мешіттерде тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған өлкенің көркеюіне үлес қосу. Сенбілікке мешіт имамдары мен жамағат өкілдері қатысып, діни нысандардың ішкі-сыртқы аумақтарын тазалап, айналасын ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.
Игі бастама аясында мешіт аулалары мен іргелес аумақтар тазартылып, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға басымдық берілді. Бұл жұмыстар тазалықты сақтаумен қатар, қоғамда жауапкершілік пен ортақ іске деген жанашырлықты арттыруға бағытталды.
Тазалық – имандылықтың көрінісі. Қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындарды таза ұстау және туған жердің көркеюіне үлес қосу – баршаға ортақ міндет.
Қарасай ауданындағы сенбілік «Таза Қазақстан» бастамасын қолдауға, ел бірлігі мен қоғамдық ынтымақты нығайтуға бағытталған игі істердің жалғасы болды.