preloader

Жаңалықтар

Қасиетті Рамазан айындағы берекелі ауызашар: Алматы облысы мешіттеріндегі игі бастамалар

Қасиетті Рамазан айындағы берекелі ауызашар: Алматы облысы мешіттеріндегі игі бастамалар

Қасиетті Рамазан айында Қапшағай мешіті жамағаты игі істердің ұйытқысына айналып отыр. Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде күн сайын 120 адамға арнайы ауызашар дастарқаны жайылып, ораза ұстаған жамағатқа құрмет көрсетілуде. Бұл – Рамазан айының берекесін арттырып, қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты күшейтуге бағытталған сауапты амалдардың бірі.

Сонымен қатар облыс көлеміндегі 97 мешітте күн сайын 10 000-ға жуық адамға ауызашар беріліп жатыр. Бұл көрсеткіш өңір мұсылмандарының ауызбіршілігі мен жомарттығын айқын аңғартады. Кәсіпкерлер мен жомарт жандардың қолдауымен ұйымдастырылған ауызашар дастарқандары Рамазан айының рухани маңызын тереңдете түсуде.

Ауызашар барысында мешіт имамдары жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтып, қасиетті айдың қадір-қасиетін кеңінен түсіндіруде. Сонымен қатар ауызашар берген азаматтардың отбасыларына Құран бағышталып, арнайы дұғалар жасалуда. Бұл – халқымыздың ежелден жалғасқан ізгі дәстүрі мен діни танымының сабақтастығын көрсететін өнегелі іс.