preloader

Жаңалықтар

«Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті» атты форум өтті

«Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті» атты форум өтті

Бүгін Қонаев қаласында ҚМДБ жанындағы Әйел-қыздар секторы Алматы облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті» атты тақырыпта форум өтті.

Форум жұмысы қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Облыс бас имамы Мадияр Пірімқұлов дұға жасап, елдің амандығы мен тыныштығын тіледі. Бұдан кейін Мадияр қажы Тағайбайұлы алғысөз сөйлеп, Исламдағы әйел адамның мәртебесі, қазақ қоғамындағы аналардың рөлі жөнінде насихат айтты.

Іс-шарада қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазықызы, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, исламтанушы, РАТТ мүшесі, Phd доктор Шамшат Амангелдіқызы, Алматы облысы Аналар кеңесінің Гүлнара Сағатқызы, Қонаев қаласы және аймағы бойынша Аналар кеңесінің төрайымы Дәметкен Таласбекқызы және психолог Бақытгүл Манасова арнайы баяндама жасады.

Форумда әулеттің ұйытқысы, отбасының берекесі – әйелдердің қоғамдағы орны, олардың рухани өмірі мен көзқарас, ұстанымдары, қазақ әйелдерінің психологиялық мәдениеті және өзге де мәселелер талқыланды.