preloader

Жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары және қонақтары!

Сіздерді бейбітшілік пен келісімнің, достық пен ынтымақтың нышаны – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген дана халқымыз. Бүгінде, қаймағы бұзылмаған қазақ жерінде арманы ортақ, татулығы мен бірлігі жарасқан көптеген ұлттар берекелі шаңырақ астында өмір сүруде. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Осындай айтулы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге бақыт пен береке, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға амандық пен шаттық тілеймін.

Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен ынтымағын баянды еткей. Бірлігіміз бекем болғай. Әмин!

Мадияр қажы Тағайбайұлы,

Алматы облысының бас имамы