preloader

Жаңалықтар

Жамбыл ауданы: «Қажылыққа дайындық дәрісі» өтті

Жамбыл ауданы: «Қажылыққа дайындық дәрісі» өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ тарапынан бекітілген «Діни оқу-ағарту» бағыты бойынша Алматы облысына қарасты Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде «Қажылық – Ұмра сапарларына дайындық» тақырыбында арнайы дәріс өтті.

Жаңақұрылыс ауылдық «Айқым ата» мешітінің имамы Қанат Алдабергенұлы мешітке жиналған көпшілікке арнайы дәріс өткізіп, қасиетті сапарға шығудың мәні мен аталмыш құлшылықтың жасалу тәртібін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар қажылыққа ниеттенген адамның не істеу, қалай дайындалу керектігін, өзімен бірге не алып жүруге болатыны-болмайтыны, ол жақта нені ескеру керектігі туралы және тағы да басқа көптеген кеңестер берді.