preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: «ҚМДБ қабылдаған құжаттарды насихаттау» атты семинар өтті

Талғар ауданы: «ҚМДБ қабылдаған құжаттарды насихаттау» атты семинар өтті

Алматы облысына қарасты Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде «ҚМДБ қабылдаған құжаттарды насихаттау» атты семинар ұйымдастырылды.

Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы жүргізген танымдық шара барысында V республикалық имамдар форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «Қажының рухани келбеті» құжаттары таныстырылып, мазмұны мен маңызын түсіндірілді.

Жиын соңында жергілікті дін қызметкерлеріне аталмыш құжаттарды жамағатқа түсіндіру жұмыстарын өткізу тапсырылды.