preloader

Жаңалықтар

«ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЭТИКАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

«ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЭТИКАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының Еңбекшіқазақ ауданына жасаған іссапары барысында ауданның дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

Семинар барысында «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» тақырыбы кеңінен талқыланды. Бас имам дін қызметкерлерінің кәсіби әдебі, жамағатпен қарым-қатынас мәдениеті, қызметтік жауапкершілігі және имамның қоғам алдындағы мінез-құлқына қойылатын талаптарға тоқталды. Мадияр қажы Тағайбайұлы өз сөзінде мешіт қызметкері ең алдымен көркем мінезімен, әдептілігімен және жауапкершілігімен көпшілікке үлгі болуы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар діни қызмет атқару барысында сабырлылық, ұстамдылық, кішіпейілділік және адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатудың маңызына тоқталды.

Жиын барысында дін қызметкерлерінің жұмыс барысындағы өзара қарым-қатынасы, жамағатпен байланысы және ҚМДБ-ның ішкі тәртібі мен қызметтік этика нормаларын сақтау мәселелері де сөз болды.Семинар соңында дін қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.